Астанада 10–14 қазан аралығында бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұған елордада өтетін халықаралық саяси іс-шаралар себеп.
Мемлекеттік күзет қызметінің хабарлауынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының және Қарулы күштердің ресурстары жұмылдырылады. Осыған байланысты қаланың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Сонымен қатар, 9 қазаннан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары жүргізіліп жатыр.
Қауіпсіздік шаралары аясында тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол қозғалысына қатысты шектеулерді ескеру сұралды.
Жүргізушілерге сапарларын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама бағыттарды таңдаған жөн.


