«Алтыналмас» компаниясы өндірістік нысандарының бірі – «Пустынное» тау-кен байыту кешенінің аумағында жазатайым оқиға болғанын хабарлады.
Қайғылы оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапты. Оқиға 23 шілде күні сағат 11:30 шамасында болған.
Қаза тапқан азамат конвейер машинисі Карим Рымбаев екені белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Компания марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.


