«Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері еңбек ұжымдарымен және қала тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді.
Штаб мүшелері «KazAtomProm» компаниясының Буденовское уран өндіруші кәсіпорны қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Партия өкілдерінің айтуынша, бағдарламада елдің экономикалық тәуелсіздігін нығайту, сапалы жұмыс орындарын құру және халықтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелеріне басымдық берілген. Сондай-ақ жастарға арналған жеке ипотекалық бағдарламаны қарастыру ұсынылған.
Кездесулер «Самал» автовокзалының жүргізушілерімен жалғасты. Штаб мүшелері партияның бағдарламалық басымдықтары туралы ақпарат беріп, сайлау науқаны аясында азаматтардың саяси үдеріске қатысуының маңызын атап өтті.
Сонымен қатар партия жастары ақпараттық материалдар таратып, кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.
Ақерке Берекешова

