Бүгін қазақстандық шекарашылар кәсіби мерекесін атап өтеді.
Олардың қызметі қырағылықты, сабырлылықты, жоғары жауапкершілікті және кез келген жағдайда әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Шекарашылардың кәсібилігі мен әскери борышына адалдығы – мемлекеттік шекараны қорғау мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің берік негізі. Олар күн сайын өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, ұлттық мүддені қорғауға, Қазақстандағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға елеулі үлес қосып келеді.


