«Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған.
Бұл зейнет жасына дейінгі азаматтардың тұрақты табыс тауып, еңбек нарығында өз орнын табуына көмектесетін тиімді тетік.
Негізгі шарттары:
• Жобаға қатысу мерзімі: 36 айға (3 жыл) дейін.
• Жалақыны субсидиялау: мемлекет жұмыс берушіге еңбекақы шығындарының 60%-дан 70%-ға дейінгі бөлігін өтейді: — 1-ші жылы – жалақының 70%-ы (129 750 теңгеден аспайтын); — 2-ші жылы – 65%-ы (129 750 теңгеден аспайтын); — 3-ші жылы – 60%-ы (129 750 теңгеден аспайтын).
• Нәтижесі: жоба мерзімі аяқталған соң жұмыс беруші азаматты тұрақты жұмыс орнына қабылдауы тиіс. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жоба аясында 7,1 мың адам жұмысқа орналастырылды.
Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына хабарласыңыз.
