Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тегін оқыту курстары мен125 мың теңгеге дейінгі төлемдер туралы жақсы жаңалықпен бөлісті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз азаматтарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасын іске асыруда.

Оқу мерзімі – 6 айға дейін.

Бағдарлама қатысушыларына келесідей мемлекеттік қолдау көрсетіледі:

шәкіртақы (43 574 теңге);
жол жүру (17 300 теңге) және тұру (64 875 теңгеге дейін) шығындары;
медициналық тексеруден өту ақысы.

Қолдаудың максималды сомасы: жұмыссыз қазақстандықтар 125 749 теңгеге дейін (стипендия, жол жүру, тұру) ала алады.

Сондай-ақ, оқуды жұмыс берушіде тікелей өндірістік ортада өтуге болады (айына 86 500 теңге жалақы қарастырылған).

Сонымен қатар, Skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн біліктілікті арттыруға мүмкіндік бар. Жыл басынан бері 37 мыңнан астам адам осы платформа арқылы оқыды.

 

Share.
Exit mobile version