Шымкент қаласы Ақжайық шағын ауданында жеті қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері пәтердегі тұрмыстық заттардың, сондай-ақ ғимараттың сыртқы қаптамасы жанғанын анықтады.
Баспалдақ маршымен құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 25 тұрғын, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Тағы 11 адам, оның ішінде алты бала арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып құтқарылды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде толығымен жойылды.
Зардап шеккендер жоқ.
