Бағаның өсуіне қойылған уақытша мораторидің тоқтағаны сол еді АИ-92 маркалы бензинінің қымбаттағаны байқалды. Соңғы айда оның құны орта есеппен 4 теңгеге өсті.
Бұл еліміздегі бас қалалардағы баға. 2026 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанда отын бағасы біртіндеп өсті. Сәйкесінше, мамыр айында баға 1 теңгеге артты. «Яндекс жанармай құю» сервисінің деректеріне сәйкес, маусым айында АИ-92 маркалы бензиннің қымбаттауы едәуір сезілді.
Астана
«Яндекс жанармай құю бекеттері» сервисінен 25 мамырдан бастап бағаның 4 теңгеге көтерілгенін аңғаруға болады. Осылайша баға 241-243 теңге шамасын құрап отыр.
Алматы
Еліміздің ең тығыз қоныстанған мегаполисі Алматыда отын құны дәстүрлі түрде Астанаға немесе Шымкентке қарағанда жоғары. Осыған қарамастан, бір айдағы өсім 4 теңгені құрады. Мұнда автокөлік иелері АИ-92 бензинін 245 теңге бағасымен құя алады.
Шымкент
Шымкент ірі қалалар арасында отынның ең төмен бағасын ұстап тұр. Мұнда бір литр АИ-92-і 228-ден 231 теңгеге дейін тұрады. 25 мамырдан 23 маусымға дейінгі бағаның өсуі барлық бақыланатын компаниялар бойынша 4 теңгені құрады.
