Ақтөбе облысында қайтарылған жерді қайта игеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Өңірде Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен 3 жылда облыста 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қайтарылған жер учаскелері толығымен қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.
2026 жылы 80 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Қазіргі уақытта 105 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспардың орындалуы 131%-ды құрады.
