Елімізде жалпы құны 48 млрд теңгені құрайтын тәркіленген активтер сауда-саттыққа қойылды. Бәссаудада жалпы 40 лот болады.
Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы хабарлады. Лоттар қайта қойылуда. Олардың ішінде: зергерлік бұйымдар мен сағаттар (барлығы 36 лот) бар. Жалпы бастапқы құны: 517 834 035 теңгені құрайды. Сондай-ақ, Астанадағы «Париж кварталы» тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатылатын болады: бірінші пәтер: 95 987 598 теңге, екінші пәтер: 308 757 871 теңге деп белгіленді. Бұдан бөлек «Green Village» тұрғын үй кешеніндегі тағы бір пәтер қойылды: бағасы: 181 913 935 теңге.
Ең қымбат лот бұрын Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі «Kaisar Plaza» ғимараты:
Сәуір айындағы бастапқы бағасы: 61,5 млрд теңгені құраған.
Ағымдағы бастапқы бағасы: 47 344 075 556 теңге.
Барлық лоттардың жалпы құны 47,9 млн теңгені құрайды.
Сауда-саттық 2026 жылдың 9, 10, 14 шілде күндері sauda.e-qazyna.kz. электрондық сауда порталында өтеді.
