Қазақстан құрамасының шабуылшысы әрі болашақта Chelsea сапында өнер көрсететін Дастан Сәтпаев 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең нәтижелі футболшылардың қатарына енді, деп хабарлайды Sports.kz.
Аргентиналық футбол статистигі және шолушы Карлос Арасаки жас бомбардирлердің әлемдік рейтингін жариялады. Бұл тізімде 17 жастағы Дастан Сәтпаев 25 голмен тоғызыншы орынға жайғасты.
Негізгі тізім мынадай:
1. Ламин Ямаль
2. Эстевао
3. Эндрик
4. Райан
5. Нестори Иранкунда
6. Милошевич
7. Джордж Иленихена
8. Д. Мартинес
9. Дастан Сәтпаев
10. Мелия
