Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

 

.   Қазақстанда  «Табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінде» республикалық маңызы бар 70-тен астам ірі кәсіпорын және жүздеген жергілікті коммуналдық монополистер бар. Оларда 100 мыңнан астам Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері еңбек етеді. Биыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіби мерекелер тізбесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ресми түрде бекітілді. 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні! Аталмыш сала иелері төл мерекелерін алғаш рет қарсы алып отыр.

Мерекенің 9 шілдеде атап өтілуі де кездейсоқ емес. Дәл осы күні, 1998 жылғы 9 шілдеде елімізде табиғи монополиялар саласын құқықтық тұрғыдан реттеген маңызды құжат – «Табиғи монополиялар туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заң саланың дамуына тың серпін беріп, тарифтік саясаттың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етудің негізін қалады. Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің еңбегінің арқасында су, жылу, газ және электрмен жабдықтау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп, маңызды инфрақұрылымның тұрақты қызметі қамтамасыз етіледі әрі қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалады. Сала мамандарының кәсібилігі экономиканың тұрақты дамуы мен өңірлердің өркендеуінде маңызды рөл атқарады.

Мереке құтты болсын!

Adilet.tv — ақпарат

Share.
Exit mobile version