Қазақстанның солтүстік аймақтарына қыс ерте түсетіні белгілі. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысына қыс қылышын сүйретіп қазан айында-ақ келеді. Климаты қатал Солтүстік Қазақстанның жылу магистрін жыл сайын жөндеп тұрмаса, қақаған аязда құбырлар шыдас бермесі анық. Осыны ескерген Үкімет «Қыс қамыңды жаз ойла» деген ұстаныммен Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн. теңгеге жуық қаржы бөлді. Бұл қаражат Петропавл қаласындағы Ж.Жабаев – А.Шәжімбаев – Новая – Ы.Алтынсарин көшелері бойындағы жылу желісінің құрылысына бағытталған
Биыл 1,4 шақырым жылу желісі қайта жөнделіп, қосымша жаңа құбырлар тартылады. Осылайша, Үкімет Петропавл қаласындағы ұзындығы 2 шақырымнан асатын № 2 магистралін жөндеу жұмыстары қара күзге дейін аяқталады.
2025 жылы да Петропавл қаласындағы 0,7 шақырым жылу желілері жаңартылған еді.
Adilet.tv — ақпарат
