6 шілдеде Астанада 24 әйел босанды.
Мереке күні Астанада 24 нәресте дүние есігін ашты. Олардың 15-і ұл, 9-ы қыз. Атап айтар болсақ:
- қалалық перинаталдық орталықта — 7 сәби: 4 ұл, 3 қыз;
- № 2 көпсалалы қалалық ауруханада 9 сәби: 8 ұл, 1 қыз;
- № 3 көпсалалы қалалық ауруханада 8 сәби: 3 ұл, 5 қыз тулды.
Барлық ана мен жаңа туған нәресте өздерін жақсы сезінуде және медициналық мамандардың бақылауында, қажетті көмек пен күтімді алады.


