Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

25 тамыздан бастап жүргізуші куәлігіңіз автоматты түрде жойылып кетуі мүмкін!

Мұны тіпті сот та шешпейді, жүйе өзі өшіреді. Бұл тізімге кімдер кіреді? Оқи отырыңыз:

Сонымен, бірінші — 65 жастан асқандар мен мүгедектігі бар жүргізушілер. Енді екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс. Талап орындалмаса, көлік басқару құқығы уақытша тоқтатылады.

Екінші — жол ережесін өрескел бұзған кейбір жүргізушілер.  Теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі. Бұл талап қауіпті маневр, жылдамдықты бірнеше рет асыру, жолақ ауыстыру немесе басып озу ережесін өрескел бұзу сияқты жағдайларға қатысты.

Егер жүргізуші емтиханға 2 ай ішінде себепсіз келмесе, оның көлік басқару құқығы тоқтатылуы мүмкін.

Егер бұрын базада қате кеткен болса немесе медтексеріс мерзімі өтіп кетсе жүре беретін болсаңыз, енді жүйе бәрін өзі автоматты түрде тексеріп, жүргізуші куәлігін бұғаттап тастайды.

Мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза күшейеді. Мұндай жағдайда жүргізуші 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылады. Ал куәлігі жоқ азамат 8 жыл бойы жүргізуші куәлігін ала алмайды.

Сондықтан 25 тамызға дейін базадағы медициналық анықтамаңызды тексеріп алғаныңыз абзал. Бұл ақпаратты көлік айдайтын жақындарыңызбен бөлісіп қойыңыз!

Share.
Exit mobile version