Өрт Семей қаласының 352-кварталында болған. Полицейлер жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру барысында өртке 6 жасар баланың сіріңкемен ойнағаны себеп болғанын анықтады. Оқиға 15 шілде күні кешкі сағат 18:05 шамасында тұрғын үй ауласында болған. Бала сіріңке тұтатып, абайсызда көліктің өртенуіне әкеп соққан. Баланың жасы кәмелетке толмағандықтан, келтірілген материалдық шығынды оның ата-анасы немесе заңды өкілдері толық өтейді. Сондай-ақ оларға бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік шара қолданылуы мүмкін.
Previous ArticleАҚШ пен Иран арасындағы соғысты тоқтату мүмкін бе?
Next Article Елімізде қанша жұмыссыз жастар бар?
