Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Қытай инвесторлары Түркістан облысында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда.

Ұсынылған жобалар қатарында: Орталық Азиядағы ең ірі «Мұхит әлемі» кешені, 12 гектардан асатын заманауи аквапарк, энергетика саласындағы жобалар, жаңа өндіріс орындары мен логистикалық орталықтар бар.

Бұл бастамалар өңірдің туристік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерліктің дамуына серпін беруі мүмкін.

Түркістан бүгінде тарихи-рухани орталық қана емес, инвестиция мен туризм үшін де тартымды аймаққа айналып келеді.

Жобалар толық іске асқан жағдайда, Түркістан Орталық Азиядағы ірі туристік және инвестициялық хабтардың біріне айналуы ықтимал.

 

Дерек көзі: @baspana_consulting

Share.
Exit mobile version