Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Қазақстандық азамат өзінің «танысымен» WhatsApp арқылы хат жазысып 3,5 млн теңгеден айырылды.

Шымкенттік полицейлер алақтықпен айналысқан ұйымдасқан топты ұстады.

Тергеу мәліметтері бойынша, алаяқтар WhatsApp арқылы жәбірленушілердің туысы не досы болып шұғыл көмек сұрап хабарламалар жіберген. Сөйтіп қажетті шоттарға ақша аударуға көндіріпті. Тек бір жәбірленуші өзінің танысымен хат жазысып жатқанына сеніп, 3,5 млн теңгеден айырылды.

Арнайы операция кезінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктілердің жалдамалы пәтерінен 19 SIM картасын, 11 телефон мен планшетті тапты, олардың көмегімен қылмыс жасалған деп болжануда. Қазіргі уақытта Астана мен Шымкентте жалпы шығыны 7,5 млн теңгені құрайтын алаяқтықтың екі эпизоды анықталды.

«Үш күдікті қамауға алынды, тергеу жалғасуда», — делінген хабарламада.

Share.
Exit mobile version