Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Венесуэлада жер сілкінді. Алғашқы 7,2 баллдық жер сілкінісі Каракастан батысқа қарай 160 шақырым жерде тіркелді. Бір минутқа жетпей магнитудасы 7,5 болатын екінші тербеліс орын алды.

Дүмпулер мемлекеттік мереке күні болды, сондықтан көптеген тұрғындар үйде болды. Reuters таратқан мәліметке сенсек, жер сілкінісінен зардап шеккендер саны — 700, қаза тапқандар саны — 32 адамнан асты. Билік бұл мәліметтердің өзгеруі мүмкін деп отыр. Елде төтенше жағдай режимі жарияланды. Сондай-ақ, билік Каракас халықаралық әуежайының зақымдануына байланысты жабылғанын хабарлады.

Жергілікті шенеуніктер мен куәгерлердің айтуынша, кей аудандарда ғимараттар қираған. Құтқарушылар үйінділердің астынан зардап шеккендерді іздестіруде.

Кариб теңізі аймағындағы жер сілкіністерінен кейін цунами қаупі қысқаша жарияланды. Кейінірек ескерту жойылды.

Share.
Exit mobile version