Түркістанда Рәміздер алаңы бар «Астана» саябағының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, жауапты басшылар мен мердігер компания директорына тапсырмалар берді.
– Жоба жоспарға сай жүзеге асырылуы керек. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да сапалы атқарылсын. Қатаң қадағалауда болады, – деді Нұралхан Көшеров.
Жалпы саябақ аумағына 20,2 гектар жер бөлінген. Онда Рәміздер алаңы, аллея салынып, жан-жағы жайқалған бақпен қоршалады. 12 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылса, қатты жабындылар алаңы 32 мың шаршы метрден асады. 800-ге жуық автокөлік сиятын автотұрақпен қамтылады. Аталған аумақта 20 мың адамның қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізуге мүмкіндік қарастырылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


