Түлкібас ауданындағы Үшкіртау тауында құтқарушылардың көмегі тауға көтеріліп, өздігінен төмен түсе алмай қалған ер адамға қажет болды.
Көмек көрсету үшін ТЖМ қызметкерлері жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары түнгі уақытта жүргізілді. Ер адамның орналасқан жері геолокация арқылы анықталды.
Құтқарушылар оған жетіп, қажетті көмек көрсетті. Ер адам таудан аман-есен түсірілді.
