Семей қаласында «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған білім мен өнер додасында Шымкент қаласының намысын қорғаған бес оқушы жетістікке жетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Байқаудың қорытынды нәтижесі:
І орын – Ерасыл Әуелбек, «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы (Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернаттың 9 сынып оқушысы);
ІІ орын – Нұрбол Қантөре, «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы–( А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы);
Әлия Қаипназар, «Абайдың сөз өнеріндегі бейнесі» номинациясы (Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы);
ІІІ орын – Бекарыс Рүстем, «Әнді сүйсең – менше сүй» номинациясы (Тәуке хан атындағы №85 орта мектептің 9 сынып оқушысы);
Тоғжан Рахым, «Әнді сүйсең – менше сүй» номинациясы («Al-Farabi Bilim» мектебінің 9 сынып оқушысы).
Осылайша Хәкім Абайдың сөзін санасына тоқыған жастар өнерімен де, білімімен де мегаполистің мерейін үстем етіп отыр


