Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

19 маусым – Шымкент қаласының күні. Мерекеге орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көліктерде жол жүру ақысыз болады.

Бұл шешім қала тұрғындарының мерекелік іс-шараларға ыңғайлы қатысуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданды. Қала әкімдігі азаматтарды мерекелік бағдарламаларды тамашалап, саябақтар мен қоғамдық орындарда өтетін іс-шараларға отбасымен бірге қатысуға шақырады.
Қала күні – баршамызға ортақ мереке! Мерекені бірге атап өтейік!

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Share.
Exit mobile version