Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Ақмола облысының Щучинск қаласында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиын-сайысы өтті. 

Шымкент қаласының оқушыларынан құралған “Сұңқар” командасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленіп қайтты. Шымкент қаласының теміржол вокзалынан жеңімпаз команданы жерлестері салтанатты түрде қарсы алды.
Халықаралық деңгейдегі бұл беделді жарысқа Қазақстан мен шетелдерден келген жалпы 64 команда қатысты. Тартысты додада шымкенттік оқушылар темірдей тәртібімен, жоғары дайындығымен және шыңдалған жауынгерлік рухымен ерекшеленіп, жүлделі орынға қол жеткізді.
Шымкент қаласының құрамасы өткен жылы үшінші орынға ие болған еді. Биылғы сайыста екінші орыннан көрінді. Іс-шарада қалалық «Қарулы күштері ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев көпшілікті айтулы жетістікпен құттықтап, келесі жылы шәкірттер бірінші орынды иеленеді деген үміт зор екенін айтты.
Жиынның жабылу рәсіміне Мемлекет басшысы арнайы қатысып, жас сарбаздарға қолдау білдірді.
Мемлекет басшысы қатысушылармен қол алысып амандасып, естелік суретке түсті. Бұл сәт жас сарбаздар үшін ұмытылмас естелікке айналып, олардың қуанышын еселей түскені анық.
Share.
Exit mobile version