Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі болып Торғын Ескендірова (Әбушахман) тағайындалды.
Әр жылдары «ADAM Media Company» ЖШС телевизиялық жобаларында PR-менеджер, редактор, Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде менеджер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЮНЕСКО халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасында оқытушы, «Adyrna.kz» ақпарат агенттігінде шеф-редактор, Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы, Ішкі саясат бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, ҚР Сот әкімшілігінде инспектор, ҚР Сот әкімшілігі Ұлытау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болған. Осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасында бөлім басшысы лауазымын атқарды.


