Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Алматы тауларында екі жас жігіт таудан түсе алмай қалды. 

Белгіленген уақытта оралмаған қос жігітті 3680 метр биіктіктен құтқарушылар түсірді. 

Ведомствоның хабарлауынша,  «112» пультіне 2003 және 2004 жылы туған екі жастың 27 маусым күні таңертең Үлкен Алматы шыңына көтеріліп, сол күні кешке оралуы керек болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Алайда, белгіленген уақытта туристер оралмады, байланысқа шықпаған, сонымен қатар олардың ұялы телефондары желіден тыс болғаны анықталды.

ТЖМ қолда бар ақпаратқа сәйкес, соңғы геолокация 27 маусымда сағат 17:00 шамасында Үлкен Алматы шыңының солтүстік бөлігінде тіркелгенін атап өтті.

«Хабарламаны алғаннан кейін ТЖМ қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданына дереу жетті. Іздеу шараларының нәтижесінде туристер табылып, түсірілді. Құтқарушылар оларды экопостқа алып барды. Жастарға медициналық көмек қажет емес», — деп хабарлады ведомстводан.

ТЖМ туристерді таулы аймаққа барар алдында жақындарына маршрут және болжамды қайту уақыты туралы алдын ала хабарлауға, сондай-ақ ауа-райы жағдайлары мен маршруттың қиындық деңгейін ескеруге шақырды.

Share.
Exit mobile version