Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Ақтауда құтқарушылар судағы оқиғаның алдын алды.
Каспий теңізі жағалауындағы Скальная тропа ауданында Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері профилактикалық рейд барысында суға құлаған әйелді құтқарды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол катерге міну кезінде абайсызда теңізге құлап кеткен. Жақын маңда жүрген ТЖД қызметкерлері жедел әрекет етіп, әйелді судан шығарып, қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ шағын көлемді су көліктеріне міну және түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ су айдындары маңында ерекше сақ болуды ескертеді.

Share.
Exit mobile version