Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қалалық округіне қарасты Пэншуй уезінде тау етегіндегі тұрғын үй массивіне алып көшкін құлады.

Соңғы мәліметтер бойынша, 8 адам қаза тауып, 34 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Үйінді астынан 10 адам аман құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Таңғы сағат 08:00-де ТҮКШ қызметкері таудан тас құлай бастағанын байқап, бірден дабыл қаққан. Осының арқасында қауіпті аймақтан 1100-ден астам тұрғын уақытылы эвакуацияланды. Көшкін 10-нан астам үйді толықтай басып қалды.

Оқиға орнында 800-ден астам құтқарушы, геологтар мен ауыр техника жұмыс істеп жатыр. Тау беткейі әлі де тұрақсыз, қайта көшкін жүру қаупі жоғары.

Share.
Exit mobile version