Магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды.
Кеше Мексиканың оңтүстігіндегі Чьяпас штатында жер сілкінісі тіркелді. Елдің Ұлттық сейсмологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, эпицентр солтүстік ендіктің 14,16 градусы мен батыс бойлықтың 93,29 градусы координаттарында болған.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
