Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Алматы халықаралық әуежайында Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында өткен Халықаралық экономика олимпиадасында (International Economics Olympiad, IEO 2026) ел намысын абыроймен қорғаған Қазақстан құрамасын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:

Мұхтархан Батырхан — Астана қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Кемелов Дінмұхаммед — Алматы қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Жапаров Альтаир — Алматы қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Сұлтанбек Аружан — Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;

Қуанышбек Темірлан — Алматы қаласындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы. Құрама команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары:

Руслан Мулдашев — ұлттық құрама жаттықтырушысы;

Зере Жарлагапова — «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері.

Әуежайда жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін жақындары мен әріптестері салтанатты түрде қарсы алып, халықаралық олимпиададағы жоғары жетістіктерімен құттықтады.

Share.
Exit mobile version