4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығатын болды. Ақпаратты адвокаты растады.
«Бүгін сот отырысы өтті. Cтепногор қалалық соты Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны бірден босату туралы қаулы шығарды. Өтелмеген жаза мерзімі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан отбасына оралады», – деп жауап берді адвокат.
Айта кетейік, Байжанов 2024 жылдың 13 мамырында 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Содан кейін Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты Амнистия туралы Заң аясында сотталғанның жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі 1/3-ке қысқартылып, қалған өтеу мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономка министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген еді. Бишімбаевқа қылмыстық кодекстік 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасады деген айып тағылды. Ол 24 жылға темір торға тоғытылды. Ал, оған көмектескен оның туысы Бақытжан Байжанов «қылмысты жасыру» және «қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша 4 жылға қамалды.
2026 жылдың мамырында Байжанов кассациялық сотқа жүгініп, жазасын жеңілдетуді сұрады. Алайда сот екінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырған болатын.
