Еліміздің өңірлерінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды.
Атап айтар болсақ, Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалдарының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздіктің, қол жетімділіктің және жайлылықтың заманауи талаптарына сай келеді.
