Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында экономикадан халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad, IEO 2026) өтті. Әлемнің 61 елінен жинақталған дарынды оқушылардың басын қосқан додада еліміздің оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Оқушылар экономикалық үдерістерді талдап, бизнесті қорғау бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
Атап айтар болсақ, жарыс қорытындысында алтынды екі дүркін жеңімпаз Мұхтархан Батырхан (Астана, NIS) иеленсе, Кемелов Динмухаммед, Жапаров Альтаир (екеуі де Алматы, NIS) және Сұлтанбек Аружан (Алматы, «Мирас») күміс, ал Қуанышбек Темірлан (Алматы, NIS) қола медальға қол жеткізді.


