Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

«Елігай» балалар хоры Қытайдағы халықаралық фестивальде алтын жүлде иеленді.

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Елігай» балалар хоры Гонконг пен Шэньчжэнь қалаларында өткен II Халықаралық хор фестивалінде алтын жүлдені жеңіп алды. Байқау қорытындысы бойынша өнерпаздар «Хор ұжымы» аталымында ең жоғары ұпай жинап, Gold Award марапатына ие болды. Хордың көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Әсем Есенова. Жас өнерпаздар кәсіби шеберлігін танытып, шығармаларды әсерлі жеткізу мәнерімен ерекшеленді. Орындаушыларға Австралия, Италия, Германия, Беларусь, Қытай, Таиланд, Қазақстан және өзге де елдердің белгілі дирижерлері, композиторлары мен педагогтерден құралған халықаралық қазылар алқасы баға берді.

Айта кетейік, фестиваль 12-17 шілде аралығында өтіп, оған әлемнің оннан астам елінен келген хор ұжымдары мен музыка саласының мамандары жиналды.

Share.
Exit mobile version