Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Түркістан облысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров арнайы жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Сайрам ауданындағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.

Оның ішінде Манкент елді мекенінде орналасқан «KAZ ECO MEAT» ЖШС ет комбинатының өндіріс алаңында болып, ғимараттың жұмыс сапасын зерделеді. Жауапты сала мамандарына жоба аясында сапалы жұмыс жүргізу, экспортты ұлғайту керектігін ескертті. Сонымен қатар министр мен облыс әкімі кәсіпорын ұжымымен және шаруалармен кездесіп, ет өндірісі, мал шаруашылығын дамыту, экспорт әлеуетін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кәсіпорында жылына 30-40 мың тонна ет өндіріледі. Құрылыс жұмыстары өткен жылы аяқталған. Нысан 460 гектар аумақта орналасқан. Мұнда жылқы, ірі қара және ұсақ мал еттері терең өңдеуден өткізіледі. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы бір ауысымда 500 бас ірі қара мен 600 бас ұсақ малды өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын заманауи технологиялармен және жоғары техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа жалақысы 200 мың теңгені құрайды. Экспорт көлемі қарқынды дамып келеді. Өндірілген өнімнің 50 пайызы ішкі нарыққа жеткізілсе, қалған 50 пайызы сыртқы нарыққа бағытталған.
Айта кетейік, ел көлемінде Түркістан облысы мал шаруашылығы мен ет экспорты бойынша көш бастап келеді. Өңірде ет өндірісі дерлік дамыған. Облыста мал бордақылау алаңдары мен заманауи ет комбинаттарының саны артып, өндірістің толық циклі қалыптасып жатыр. Сонымен қатар өндіріс алаңдары заманауи технологиялармен жабдықталып, сапалық тұрғыда талаптарға сай жұмыс жүргізіп келеді.
Share.
Exit mobile version