Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында сел қаупі жарияланды

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарының тұрғындары мен қонақтарына сел және көшкін жүру қаупі туралы шұғыл ескерту жасады. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қауіпті табиғи құбылыстардың туындауына өңірлердегі ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері таулы аймақтарда су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін.

Share.
Exit mobile version