Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының дамуына қолайлы жағдай жасалуда. Бүгінде елімізде 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 млн оқушы білім алуда. Мемлекеттің елеулі қолдауының арқасында соңғы бес жылда жекеменшік мектептердің саны екі еседен астам өсіп, 856-ға жетті.

Share.
Exit mobile version