ҚҚДИ зерттеулері осындай нәтиже көрсетіп отыр.
Қазақстандық қоғамдық даму институты «Sarap» сарапшылар клубының отырысында 2026 жылғы электоралдық кезеңге қатысты зерттеу нәтижелерін таныстырды.
ҚҚДИ-дің екі зерттеуі («2026 жылдың II тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал» – 2 400 респондент, «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» – 1 200 респондент) қоғамдағы жоғары сенім мен оптимистік көңіл күйді көрсетті. Қазақстандықтардың 84,1%-ы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалайды. Өмірге қанағаттану деңгейі 85,8%-ға жетті, ал 60,1%-ы алдағы бір жылда оң өзгерістер күтеді. 18-28 жас аралығындағы жастардың 87,1%-ы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп бағалайды, 65,6%-ы болашаққа оптимистік көзқарас танытады. Мемлекеттік институттарға сенім жоғары: 2026 жылдың II тоқсанында Президентке деген сенім деңгейі 86,9%-ды құрады. Алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін респонденттердің 75,1%-ы мәлімдеді. Оның ішінде 37,6%-ы нақты қатысуға ниетті, 37,5%-ы ықтимал қатысуға дайын.
ҚҚДИ сарапшылары Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды оқиға екенін атап өтті.
