Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Еліміздің барлық өңірлерінде егін науқаны басталды.

Атап айтар болсақ  Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Шымкент қаласының,  Түркістан облысы, Жетісу облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері егін орағы науқанына кірісті. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда, биылғы жылғы қарқын біршама жоғары.

Бүгінгі таңда 634 мың тонна дәнді дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,7 есе жоғары. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша да оң үрдіс сақталуда. Атап айтқанда, бидайдың жалпы түсімі 461,2 мың тоннаға жетіп, орташа өнімділігі гектарына 19,1 центнерді құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш гектарына 13,7 центнер болған. Арпа жинау науқаны да жоғары нәтижемен жүргізілуде. Қазіргі уақытта 157,8 мың тонна арпа жиналды. Орташа өнімділік гектарына 17,0 центнерді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден (8,7 ц/га) екі есе артты. Егін орағы науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу үшін аграршылар қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген. Бүгінде еліміздің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 133,9 мың трактор, 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың тұқым сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы бар.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу көзделіп отыр

Share.
Exit mobile version