Витебскіде «Славян базары» халықаралық балалар ән байқауы өз мәресіне жетті.
Әлемнің 19 елінен келген жас орындаушылар қатысқан ән байқауында еліміздің Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелованың жұлдызы жанды. Ел намысын қорғаған 13 жастағы Жасмина Түзелова қазылар алқасын өнерімен тәнті етті. Осылайша қазақ қызы екінші орын алды.
«Славян базары» халықаралық балалар ән байқауында бас жүлде Беларусь елінің өкіліне бұйырды. Бірінші орынды Румыниядан келген қатысушы иеленсе, үшінші орынды Ресей мен Болгария өнерпаздары өзара бөлсті.


