Шымкенттегі 35748 әскери бөлімінде БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясынан оралған әскери қызметшілерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Бітімгерлер халықаралық миссия барысында жоғары кәсібилік, тәртіп пен әскери антқа адалдық танытып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты.
Іс-шараға әскери бөлімнің жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ сарбаздардың туған-туыстары қатысты. Елге аман-есен оралған әскери қызметшілер миссияның өздері үшін үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибе болғанын атап өтті.
