Мамандардың еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілуде.
Үкімет отырысында Ерсайын Нағаспаев саланың одан әрі дамуы инженерлік әлеует пен білікті мамандарға тікелей байланысты екенін атап өтті.
Кәсіпорындар инженерлік құзыреттерді дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға жүйелі түрде инвестиция салып келеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жоғары оқу орындары және колледждермен бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өңірлерге мамандарды тарту мақсатында еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілуде. Корпоративтік кампустар мен жатақханалар салынуда. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпорындар қызметкерлерді әлеуметтік тұрғыда қолдау шараларын кеңейтіп келеді. Оның ішінде медициналық сақтандыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, көлікпен қамтамасыз ету және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері қарастырылған.


