Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы Брайль қарпінде басылды.
Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романының Брайль қарпінде басылған жаңа басылымының таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында оқырмандарға арнайы форматта жарық көрген кітап таныстырылып, шығарманың тарихи және көркемдік маңызы кеңінен сөз болды. Романда қазақ халқының тағдыры, ұлттық болмыс, туған жерге деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен отансүйгіштік құндылықтары кеңінен көрініс тапқан. Айта кетейік, 2026 жылы «Тағдыр» романы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған туынды ретінде таңдалды. Брайль қарпінде жарық көрген басылым зағип және нашар көретін оқырмандардың көркем шығарманы еркін оқуына мүмкіндік беріп, кітап оқу мәдениетін дәріптеуге және ұлттық әдеби мұраны насихаттауға бағытталған.


