Бүгін қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толды.
Ермек Серкебаев — ұлттық өнердің өресін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосқан бірегей дарын иесі. Талантты тұлға қазақ және әлем операларындағы таңдаулы партияларды асқан шеберлікпен орындап, талай туындыны классикалық музыканың биігіне көтерді. Осылайша қайталанбас қолтаңбасы бар ән мектебін қалыптастырды. Дара тұлғаның ғасыр тойы ұлттық мерейі, оның өрелі өнері, бекзада болмысы — өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.


