ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова атап өткендей, жіті ішек инфекциясы жазғы кезеңде жұқпалы аурулардың ең көп таралған топтарының бірі болып қала береді. Оның айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2026 жылдың басынан бері ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық 12%-ға төмендеген. Елде 7,5 мыңнан астам жағдай тіркелген. Бұл ретте 71%- дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар, 18% — бір жасқа дейінгі балалар.
«Жіті ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі шараларын еске саламыз: тағам дайындау және тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабындап мұқият жуу; тек қауіпсіз ауыз суды пайдалану, қажет болған жағдайда бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу; азық-түлікті сақтау талаптарын сақтау және ет, құс еті, балық, жұмыртқа мен сүт өнімдерін жеткілікті деңгейде термиялық өңдеу; рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмау, өнімнің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарына назар аудару», – деді Сархат Бейсенова.


