«Бақыт» дүкенін үптеп кетпек болған бақытсыз ұсталды.
Павлодардағы сауда нүктесіне ұрлыққа түскен күдіктіні полиция қолға түсірген. Бірақ ол сытылып шығып, патрульдік көлікпен жүйтки жөнелген. Куәгерлердің айтуынша, ызғытқан азаматтың соңына 13 бірдей патрульдік экипаж түскен. Суыт жүрісінің салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция ұрлық жасап, қызметтік көлікті айдап кету деректері бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер кісі мас болған. Ал апаттан опат болғандар жоқ. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілген.
Вторник, 30 июня
“
Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.
”
