Қазақстанда Орталық Азияның мәдени мұрасын біріктіруге арналған цифрлық платформаны құру жұмыстары басталды.
Былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұраны сақтау мен кеңінен танытуға бағытталған бірқатар бастама көтерген болатын. Солардың бірі – Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұрасын біріктіруге арналған бірыңғай цифрлық платформаны құру. Аталмыш жобаны іске асыру мақсатында «Қазқайтажаңарту» мекемесінің кеңсесінде платформаға құжаттарды жүктеу жұмыстары басталды. Еліміздің мамандары үшін Лондон университеттік колледжінің (UCL) өкілдері шеберлік сабағын өткізіп, материалдарды цифрландыру, жүйеге жүктеу, сақтау және жүйелеу тәртібін түсіндірді.


