Елімізде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жан-жақты қолдау көрсетілуде.
Министрлік ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 2026 жылғы 1 маусымдағы деректерге сәйкес, мансап орталықтарына 17,4 мың азамат жүгінді, оның 5,7 мыңы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 6,4 мың азамат тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасты. Сонымен қатар, 2 мың адам кәсіпкерлік негіздері бойынша арнайы оқыту курстарын аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды. Ал 1,8 мың адам «Skills Enbek» онлайн платформасында тегін кәсіби білім алып, өз біліктілігін арттырды. Бұл шаралар мүгедектігі бар жандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және олардың еңбек нарығына белсенді қатысуына кең мүмкіндіктер ашуда.


