ТЖМ құтқарушылары ер адамға таудан түсуге көмектесті.
Ақмола облысы Бурабай ауданында ТЖМ құтқарушылары Бөлектау тауына көтерілген 1966 ж.т. ер адамды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Ол шамамен 110 метр биіктікте денсаулығының нашарлауына және жүрек тұсындағы ауырсынуға байланысты өздігінен түсе алмаған. Күрделі жер бедерін ескере отырып, құтқарушылар жаяу эвакуация ұйымдастырып, зардап шегушіні зембілмен тау етегіне дейін түсірді. Онда ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ тауға шыққанда азаматтар өз мүмкіндіктерін бағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.


