Жазда терезеден құлау оқиғалары жиілейді. Мегаполисте жыл басынан бері 4 оқиға тіркелді. Бұл туралы жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жөнінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Ыстық күнде терезе ашқанда ата-аналар бірінші кезекте баласының әрекетін ойлауы тиіс, — дейді төтеншеліктер. Өйткені, қайғылы оқиғалар дәл осы күн ыстықта жиілейді. Басты қателік — көп адам шыбын-шіркейге арналған торды қауіпсіз деп есептейді. Ол тор баланы ұстап қала алмайды. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау капитаны Асқар Шәріп, ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырды.


